Басты бетЖаңалықтарҚор нарығында теңге нығайып, рубль әлсіреді

Қор нарығында теңге нығайып, рубль әлсіреді

Алматы мен Астананың ақша айырбастау пунктерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,57-4,77 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал, Астанада 4,56-4,66 теңге аралығында құбылып тұр.

Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,57-4,62 аралығында.

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 рубль — 4,59 теңге.

Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы әлі күнге дейін тұрақсыз болып тұр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да