Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті брифингте облыстың бас жолшысы Айдар Меңеев өңірде жүргізіліп жатқан жолдардың құрылысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6176 шақырым құрайды, республикалық маңызы бары – 1414 шақырым, жергілікті маңызы бары – 4762 шақырым. Жалпы 2022 жылдың қорытындысы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 246 шақырымы жөнделіп, 21 млрд. теңге игерілген.

2023 жылы өңірде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 82  млрд. теңге сомасына барлық маңыздағы 594 шақырымнан астам жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. 2023 жылы жалпы көлемі 35,6 млрд. теңгеге ұзындығы 440 шақырым құрайтын 109 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2022 жылдан ауыспалы 33 жоба бар.

Облыстық маңызы бар жолдары бойынша 13 жоба іске асырылуда, олардың ішінде үшеуі қайта жаңғырту, біреуі күрделі жөндеу (Деркөл өзені арқылы өтетін көпір) және қалғаны орташа жөндеу жобалары.

Барбастау-Ақжайық-Индер жол жобасы бойынша құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзету жұмыстары аяқталуға жақын. Қалған екеуіне әлі түзету жүргізілуде, алдағы екі апта ішінде аяқталады. Аудандық маңызы бар автожолдар бойынша, облыста жалпы сомасы 28,6 млрд. теңгеге (ұзындығы 408 шақырым) 42 жоба іске асырылуда.  Оның ішінде 21 жоба 2022 жылдан ауыспалы. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 49 шақырым жолға асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары атқарылды. 2023 жылғы жұмыстарға республикалық бюджеттен 17,9 млрд. теңге бөлінді. Күні бүгін 7,3 млрд. теңге игеріліп, 102 шақырым жол жөндеуден өтті. Бұл қаражатқа материалдарды дайындау, айналма жол мен негізді орнату бойынша жұмыстар, сондай-ақ асфальтбетон жабынын төсеу секілді жұмыстар кіреді, — деді Айдар Меңеев.

Жалпы, келесі аудандардың елді мекендеріне кіреберіс және басқа да аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары атқарылуда: Ақжайық (3 жоба), Бөрлі (2 жоба), Бәйтерек (10 жоба), Жаңақала (4 жоба), Жәнібек (4 жоба), Шыңғырлау (7 жоба), Тасқала (4 жоба), Теректі (4 жоба), Казталов (1 жоба), Қаратөбе (1 жоба) және Сырым (2 жоба).

«Ауыл – Ел бесігі» және Моноқалаларды дамыту бағдарламалары бойынша облыстың елді мекендерінің көшелерін жөндеу бойынша жалпы сомасы 7 млрд. теңгеге 34 жоба іске асырылуда. Оның ішінде: Ақжайық ауданында – 2 жоба (7 шақырым), Бөрлі – 7 жоба (оның ішінде АЕБ бойынша — 2 жоба (8 шақырым), Моноқала — 5 жоба (18,7 шақырым)), Бәйтерек – 5 жоба (27,2 шақырым), Бөкей ордасы – 1 жоба (5,6 шақырым), Казталов – 2 жоба жоба (6 шақырым), Жаңақала – 1 жоба (6 шақырым), Жәнібек – 2 жоба (10,7 шақырым), Қаратөбе – 2 жоба (5,8 шақырым), Сырым – 1 жоба (3,1 шақырым), Тасқала – 2 жоба (10,1 шақырым), Теректі – 3 жоба (2,3 шақырым) және Шыңғырлауда – 4 жоба (16,8 шақырым).