БҚО-да “AQJAIYQ” ӘКК саяжай өнімдерін сатудың оңтайлы жолын ұсынады

Батыс Қазақстан облысындағы «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, өңірдегі саяжай иелеріне өз тауарларын көтерме бағамен өткізу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл жоба өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, саяжай иелерінің өнімдерін өткізу процесін оңтайландыру, әрі халыққа сапалы өнімді тиімді бағада ұсыну мақсатында енгізілді. Қыркүйек айынан бастап көкөніс өсіретін кез келген тұрғын өз өнімін ешқандай алым-салықсыз, нарықтық баға бойынша бізге тапсыра алады. Кейін ол өнім біздің әлеуметтік дүңгіршектеріміз арқылы халыққа қолайлы бағада сатылатын болады. Көкөністерден тек әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат қабылданады, — дейді «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

Қазіргі уақытта Орал қаласының «Ел ырысы», «Мирлан» және «Алтын алма» сынды ірі сауда базарларында арнайы саяжай иелеренің өнімдерін сатуға арналған тегін сауда орындары қарастырылғанын атап өту қажет.

Аталған жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кеңсесіне жүгінуге болады.

Байланыс телефоны — 8(7112)97-20-10