Тамызда Қазақстан бойынша қанша бензин тасымалданады?

Тамызда Қазақстанда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны — 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізіледі, — делінген хабарламада.

Бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды. Қазір мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға қатысты барлық өтініш 100%-ке қамтамасыз етілді. Мәселен, жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Тамыз айының алғашқы жеті күнінде оның 102,6 мың тоннасы, яғни айлық жоспардың 27%-і тасымалданды, — делінген хабарламада.

Тамыз айының басында құю жоспары мынадай:

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша — 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;
  • Шымкент мұнай өңдеу зауыты бойынша — 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;
  • Павлодар мұнай өңдеу зауыты бойынша — 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.