Қазақстанда қай елдің туристері ұзақ саяхаттайды?

АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан туристері Қазақстанда орта есеппен төрт күн өткізеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен төрт күн өткізеді. Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды.

Министрліктің мәліметінше, ресейлік туристер алты күн, Беларусь азаматтары бес күн, Германия туристері төрт күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді.

eQonaq жүйесі – елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат – туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3 214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген, — деді мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.