Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады. Сонымен қатар мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.