Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады.
7 тамыз күні сағат 17.00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қаза болған.
Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.