Латын әріптерімен жазылған «Kazakh» сөзі енді «QAZAQ» деп жазылатын болды, деп хабарлады боксшының PR менеджері Берік Сұлтан.
«Енді латын әріптерінде QAZAQ деп жазылады. Бұдан былай рингке киіп шығатын киімінің алдынан «KAZAKH» емес, «QAZAQ» деген жазуды көретін боласыздар. Kanat «QAZAQ» Islam», — деді Берік Сұлтан.
Берік Сұлтанның айтуынша, Қанат Ислам жаттығуын бастады.
«10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күнін және қарсыласты айтамыз. Бұл жекпе-жек те титулды жұдырықтасу болуы мүмкін. Келіссөздер жүргізілуде», — деді боксшының PR менеджері.