TikTok мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, көктемде іске қосылған #кітапток жобасын жалғастырып жатыр.
9 тамызда өтетін Дүниежүзілік кітапқұмарлар күні қарсаңында TikTok Қазақстандағы пайдаланушыларды мерекеге қосылуға және #кiтапток хэштегі бойынша әдебиет тақырыбындағы креативті бейнероликтермен бөлісуге шақырады.
Тамыз айында платформа пайдаланушыларына өз бейнелерінде төрт әдеби тақырыптың бірін ашу ұсынылды. Пайдаланушылар кітап ұсыныстарымен, сүйікті шығармаларынан үзінділермен, кітап сатып алудағы шолуларымен, кітапқа қатысты жеке әңгімелерімен бөлісе алады және әдебиеттерді өздеріне ыңғайлы форматта талқылай алады.
Жобаны музыкант AKIM @akimrah қолдады, ол жазылушыларымен жазғы оқуға арналған он қызық кітаптың тізімімен бөлісті, ал орындаушы Baur Karbon @karbon.baur Рэй Бредберридің оны жаңа музыкалық трекке шабыттандырған екі кітабы туралы айтты.
Ең үлкен виртуалды кітап клубы #кітапток 56 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаның ауқымды қамтылуы қазақстандықтардың оқуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Науқанды еліміздің түкпір-түкпірінен қолданушылар, сонымен қатар танымал TikTok креаторлары және Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан өздерін шығармашылық жағынан ашқан 18 кітапхана қолдады: олар сирек кездесетін кітаптарға шолу жасап, виртуалды экскурсиялармен, тіпті ASMR кітаптарымен бөлісті.
TikTok-та пайдаланушылар сүйікті жанрдағы кітаптар туралы контентті көреді: мысалы, #поэзияқазақша хэштегі 143 миллион қаралым жинады, #современнаялитература хэштегі – 23 миллион қаралым, #классическаялитература – 40 миллион қаралым жинады. TikTok-та кітаптар туралы контент жасайтын қазақстандық авторлар белсенді дамып келеді: мысалы, @karinaloveslit, @booklibra және @aidanabooks-тың бейнелерін көргеннен кейін жаңа кітапты оқуға шабыт алмау мүмкін емес.
Қазақстандағы #кiтапток жобасы бүкіл әлем бойынша әдебиет сүйер қауымды біріктірген #BookTok жаһандық мәдени феноменінен шабыт алды. Осы хэштегтің астындағы бейнелер TikTok – та 164 миллиардтан астам қаралым жинады. Роликтерде әртүрлі елдердің пайдаланушылары оқылған кітаптар туралы өз ұсыныстарымен және әсерлерімен бөліседі. #BookTok кітап индустриясына да әсерін тигізуде: бұл жазушыларға танымал болуға және кітаптарға бестселлер тізіміне енуге мүмкіндік береді. Адамдар TikTok шолуларына негізделген кітаптарды көбірек таңдайды.