Басты бетЖаңалықтарПойыздағы бала...

Пойыздағы бала өлімі: арнайы комиссия құрылды

Атырау облысының білім басқармасы пойыздағы қайғылы оқиғаға байланысты барлық мән-жайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, 77 адамнан тұратын топ (төрт тәлімгер, 73 бала) «Атырау-Астрахань» пойызымен Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» санаторийіне бара жатқан. Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балалардың бірі өзін жайсыз сезінгеннен кейін жедел жәрдем шақырылған. Нарын станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады.

Атырау облысының білім басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, осы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өздері алып келген тамақты ішкенін хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Білім басқармасы қаза болған баланың отбасына барлық қажет көмек көрсетілетінін айтты.

Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 13 жастағы бала қайтыс болды.