Алматыдан 17 километр қашықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі сағат 20.29-да Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуі Алма-Арасан шатқалында да сезілді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 километр қашықта Қазақстан аумағында жатыр.

  • Энергетикалық класы 8.8.
  • Магнитудасы 4.2. MPV
  • Ошағының бағыты 43.06° с.е. 76.89° ш.б.
  • Тереңдігі 10 километр
  • Сезілуі Алматы, Алма-Арасан шатқалында 2 балл.