Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабар түскен.
Үш қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратының 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт шыққан.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00-де сөндірілді.