Басты бетЖаңалықтарАлматыдан 965...

Алматыдан 965 шақырым қашықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 5 тамызда сағат 9:06-да Алматыдан 965 шақырым қашықтан жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 965 шақырым қашықтықта Пәкістан территориясында орналасқан.

Энергетикалық класы — 11.4.

MPV магнитудасы — 5,2.

Жер сілкінісі ошағының координаттары: 35,06° с.ш 73,01°. Тереңдігі — 30 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.