Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ұшаққа...

Қазақстанда ұшаққа электрон темекі алып круге тыйым салынды

Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды. Енді жолаушы ұшаққа электрон темекі алып кіре алмайды.

ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды.
Жарылғыш заттың заряды мен жарылғыш құрылғыларға, оқ-дәрілердің барлық түріне, атыс қаруына, түйрегіш және кесетін қаруға, сонымен қатар басқа да қауіпті заттарға бұрыннан тыйым салынған. Багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті зат ретінде тізімге батареямен жұмыс істейтін портативті электронды темекі құрылғылары да қосылған. Оның ішінде электронды электрон темекілер, жұқа сигаралар, электрон сигаралар, электрон түтіктер, жеке буландырғыштар бар.