Басты бетЖаңалықтарЕлімізде қыз...

Елімізде қыз алып қашқандар қатаң жазаланбақ

Қазақстанда қыз алып қашу әрекетіне жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі мәлімдеді.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың бастамасы бойынша қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1-бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды. Ұсынысты бас прокуратура қолдап отыр.

Тек кейінгі 2,5 жылда елімізде үйдегі агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірген 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірген 837 жағдай тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапқа тартылды, — деді Артур Ластаев.

Оның айтуынша, қыздарды ұрлау оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кей жағдайда бұл жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және өзіне қол жұмсауға да әкеп соғады.