Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Фото: vedomosti.ru
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 тамызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,01 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,75 теңге.

3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге өсіп, 445,03 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 444,5–448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,71–4,81 аралығында саудаланып жатыр.

Exit mobile version