Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжат қажет?

Президент тапсырмасы  бойынша екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатында жыл соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Елімізде 11 317 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, балаларды қамту деңгейі — 89,1%.

Министрліктің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

Маусым айында Алматы, Астана қалаларында, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталды. Қалған өңірлерде бұл жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Кезекке қою және жолдама беру электон жүйе арқылы жүзеге асады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

1. Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);

2. Өтініш (Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының бес-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

3. Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-аналарының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрон құжат;

4. Баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты;

5. № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

6. № 027/е нысанды анықтама;

7. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін);