Елордада «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы тұрғындармен бірге 200 шаршы метрлік пазл құрастырды.
30 шілдеде тұрғындар қала әкімдігінің алдында еліміздегі ең үлкен пазлды жасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
200 шаршы метрге жайғастырылған ойжұмбақ болашақ Астананы бейнелейді. Онда дамыған велоинфрақұрылым, көрікті бұрқақтар, ыңғайлы жаяу жолдар, жөнделген стадион, фламинго мекендейтін кіші Талдыкөл өзені және құрылысы 12 жылға созылған LRT бейнеленген.
Тұрғындар Астананың дәл осындай түрін болашақта көргісі келеді. Олар көп мәселені жеңіп шыққан қалада өмір сүруге үміттенеді. Осы пазл біздің наразылығымыздың және батылдығымыздың нышаны болады. Біз атқамінерлердің өз басты міндетін орындамай жүргенімен, яғни адамдарға қамқорлық көрсетпеуімен келісуге міндетті емеспіз. Бұл дұрыс емес!, — деді белсенді Ахметов Мирас.