Кейінгі үш жылда Қазақстанда экотуристер саны екі есеге артты. Егер 2020 жылы олар 985 мың болса, 2022 жылдың соңында 2 миллионға жетті.
Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сонымен қатар республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22.00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды, — деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Айта кетейік, кейінгі екі жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның жетеуі жеке инвесторлардың қаражатына салынды. Сонымен қатар елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.