Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді

Үкіметтің 27 шілдедегі қаулысы бойынша мереке күндерінің тізімі бекітілді.

Жаңа тізімде 19 мереке бар:

  • Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні — 15 ақпан;
  • Алғыс айту күні – 1 наурыз;
  • Аналар күні — мамырдың екінші жексенбісі;
  • Саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
  • ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
  • Әкелер күні — маусымның үшінші жексенбісі;
  • Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Абай күні – 10 тамыз;
  • Спорт күні — тамыз айының үшінші жексенбісі;
  • Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз;
  • Білім күні – 1 қыркүйек;
  • Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні;
  • Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  • Қарттар күні – 1 қазан;
  • Нан күні – 16 қазан;
  • Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;
  • Ұлттық валюта – теңге күні – 15 қараша;
  • ҚР тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан.

Мемлекеттік мерекелер:

  • Жаңа жыл — 1-2 қаңтар;
  • Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
  • Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
  • Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;
  • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
  • Жеңіс күні – 9 мамыр;
  • Астана күні – 6 шілде;
  • ҚР Конституциясы күні – 30 тамыз;
  • Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер мереке күндері болып саналады және жұмыс күні болып есептелмейді.

Кәсіби және басқа мерекелер мереке күндері болып саналады, ал егер олар жұмыс күніне сәйкес келсе, жұмыс күні болып есептеледі.

Қаулы 2 тамызда күшіне енді.