Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жылдық...

Қазақстанда жылдық инфляция 14%-ке жетті

Қазақстанда жылдық инфляция 14%-ке жетті. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Азық-түлік тауарлары 13,5%-ке, азық-түлік емес тауарлар 15%-ке, ақылы қызметтер 13,6%-ке өсті.

2022 жылғы шілдемен салыстырғанда:

  • кеңсе тауарлары 64,4%;
  • күріш – 44,3%;
  • қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%;
  • күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%;
  • ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%;
  • кір сабын – 35,9%;
  • қырыққабат – 27,5%;
  • тосап, джем 25,9% қымбаттады.

Керісінше, жылдық мәнде:

  • құмшекер – 17,4%;
  • қарақұмық жармасы – 10,5%;
  • күнбағыс майы – 4,7%;
  • қызылша – 6,1%;
  • сәбіз – 3,4%, картоп 1,3% арзандады.

Шілдеде бағаның өсуі дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдығына – 9,6%, тұрмыстық құралдарға – 1,2%, ыдысаяққа – 1,1%, спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтарға – 0,9%, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға 0,8%-тен байқалды. Маусым айымен салыстырғанда баға баллондағы сұйытылған газға – 6,2%, АИ-95/96 маркалы бензинге – 4,5%, АИ-98 бензинге 3,6%-ке өсті. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ұлытау облысында – 1% (республикалық орташа деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында тіркелді – 0,1%, — делінген хабарламада.