Басты бетЖаңалықтарӘлихан Смайылов:...

Әлихан Смайылов: Диқандарға жаңа техника қажет

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозуы 76%-ке жетті. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласына тоқталғым келеді. Қазіргі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозу деңгейі шамамен 76%-ке жетті. Былтыр отандық кәсіпорындар 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Диқандарға жаңа техника қажет. Сондықтан өндіріс қарқынын арттыру керек. Ол үшін бізде барлық қажет құралдар мен мүмкіндіктер бар, — деді үкімет басшысы.

Премьер-министр өнеркәсіптік кооперация мәселелері туралы айтты.

Бүгінгі таңда бізде General Motors, Alstom, General Electric, Daewoo Bus, Hyundai және басқа да әлемдік жетекші компаниялармен бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатыр. 2020 жылы Қарағанды облысының Сарань қаласында іске қосылған техника мен автобустар шығаратын зауыт өнеркәсіптік кооперацияның жақсы мысалы. Оның қуаты – жылына 1 200 көлік құралы. Кәсіпорынға 12 миллиард теңге инвестиция салынды. Толық қуатында жұмыс істеген соң онда 1 000-ға жуық адам еңбек етеді. Бұл жұмысты жалғастыру керек, — деді Әлихан Смайылов.