Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда қандай тұрмыстық техникалар шығарылатынын айтты.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Алматы облысында Dauscher маркалы электр плиталар мен пештер шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар биыл Қарағанды облысы Саран қаласында теледидар, шаңсорғыш және кір жуатын машина сияқты тұрмыстық техника шығаратын жаңа зауыт іске қосылады, — деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.