Басты бетЖаңалықтарАлматыда қосалқы...

Алматыда қосалқы электр станцияның құрылысы аяқталды

Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін «Алмагүл» жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100% аяқталды. Сонымен қатар осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 километр кабельдік желісі тартылды.

Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған «Алмагүл» шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбақиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар «АЖК» АҚ-мен жүргізіледі, — делінген хабарламада.