Доллар 443-447 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443–447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 444–447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 446,07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83–5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83-4,93 теңгеден сатылып жатыр.