Абай бойынша Тілендиевтен Розыбакиевке дейінгі қозғалыс ашылады, әл-Фараби және Абай даңғылдары бойынша бірқатар учаскелер бойынша қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.
Алматыда жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, оның аяқталнгшщзх\+уы бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі ағымдағы 86%-тен 89%-ке дейін ұлғаяды.
Әл-Фараби даңғылы бойынша
Қолайлы ауа райы жағдайында асфальтбетон төсемінің төселуіне байланысты 10 шілдеде сағат 22:00-ден 13 шілдеде сағат 06:00-ге дейін күндізгі және түнгі уақытта Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейін шығыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс толығымен жабылады. Айналма жол Жароков, Тимирязев, Сейфуллин көшелерімен қамтамасыз етіледі.
Абай даңғылы бойынша
Қолайлы ауа-райы жағдайында 9 шілде сағат 21:00-ден 11 шілде күні таңғы 6:00-ге дейін Абай даңғылымен Назарбаев даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін асфальтбетон төсеуге байланысты көлік құралдарының қозғалысын толық жабу жоспарлануда. Айналма жол Құрманғазы, Сәтбаев көшелері, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы бойынша қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, 10 шілдеде таңғы сағат 06:00-ден бастап Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде Абай даңғылы бойынша қозғалыс ашылатынын хабарлаймыз, онда полимерасфальтбетонды пайдалана отырып орташа жөндеу аяқталды. Бұл полимерлер жолға және жарыққа, битумды жууға төзімділікті арттырады, сонымен қатар жол төсемінің қызмет ету мерзімін ұзартады, асфальтбетон төсемінің беріктігі мен аязға төзімділігін арттырады.
Еске салсақ, бұған дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Абай даңғылында, сондай-ақ Торайғыров көшесіндегі жолайрығынан Жароков көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылында жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.