Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімшілігінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары қатысып жатыр.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр. Оған барлығы 60 адам, 20 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен жеті сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүріп жатыр.