Нәби Айтжанов «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Нәби Айтжанов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
Ал «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясы KEGOC-ты 2021 жылғы қарашадан Қаныш Молдабаев басқарып келді.
Нәби Айтжанов 1980 жылғы 11 қыркүйекте Ақмола облысында туған. Екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ корпоративтік даму басқармасының басшысы, «Энергопоток» ЖШС директоры, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директоры және «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры болды.