Бүгін «Ел арна» телеарнасы қосылады

Арна «Хабар» агенттігінің құрамына кіреді. Онда тек отандық көркем фильмдер, деректі кино мен сериалдар көрсетіледі деп жоспарлануда. Мемлекеттік тілдегі туындылардың үлесі 50 %-дан кем болмайды. Олар эфирге 6 сағаттық қайталаумен шығады.

Сонымен қатар, еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына паш ете алады. «Ел арнаның» жаңа әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын екендігін жеткізді.

«Біз жастарды кино әлеміне баулитын мектептермен, түрлі кинофестивальдердің әкімшілігімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Ұсынылған туындылардың арасында іріктеу өткіземіз. Қысқаметражды және арт-хаус стиліндегі фильмдерді де эфирге шығарамыз. Біздің ойымызша, мұндай ауқымды жоба жас режиссерлердің санын арттырып, кино индустриясының дамуына серпін береді», — дейді «ЕЛ АРНА» арнасының шеф-редакторы Камила Қамназарова.

 

ДереккөзBaq.kz