«Барселона» ерекше ойыншыға көз тігіп отыр

Аталған басылымның жазуынша, ойыншы осы жазда каталондықтар қатарын толықтыруы мүмкін. Әзірге екі клуб осы келісім бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Келісімге нақты баға әлі белгіленген жоқ. Десе де болжам бойыншы, “Эвертонның” жас перісі 25 миллион евроға бағалануы мүмкін.

Стоунзға сондай-ақ, “Манчестер Юнайтед” пен “Челси” де қызығушылық танытуда. Өткен жаздағы трансферлік терезе сәтінде де ақсүйектер ойыншына қатарларына қосуға тырысқан болатын.

Стоунз өз кәсіби мансабын “Бернли” клубында бастаған. “Эвертонға” 2013 жылы келді. Премьер-лигада 63 матч өткізіп, бір гол соққан. Ал 2014 жылы Англия ұлттық құрамасы сапында алғашқы кездесуіне қатысты. Бүгінге дейін құрама намысын қорғау үшін, 7 матчта алаңға шыққан.