Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 9...

Қазақстанда 9 мың медицина қызметкері жетіспейді

Қазақстанда 9 мың медицина қызметкері жетіспейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елге 4 200 орта санаттағы медицина қызметкері қажет. Дәрігерлердің тапшылығы біршама жоғары – 4,5 мың маман. Терапевт және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған 400 бос орны бар. Одан кейін акушер-гинекологтар, реаниматологтар және рентгенолог дәрігерлер тұр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын мәлімдеді.