28 шілдедегі доллар мен рубль бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,5–448,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444-447 аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 28 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,72 теңге. Ресей рублінің орташа бағамы — 4,95 теңге.

Ақша айырбастау орындарында рубль 4,81-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.