Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Фото: Inform.kz
Рүстем Жомартұлы Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2012–2013 жыл аралығы ҚР АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры болды.

2013–2015 жыл аралығы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы маусымға дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

2018 жылғы маусым мен 2019 жылғы ақпан аралығы «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы болды.

2019 жылғы наурыз айынан бастап қа іргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

Exit mobile version