Қазақстан өңірлеріндегі дилер орталықтарына 7 миллион теңге тұратын автокөліктер жеткізілді, алдын ала тапсырыс беру басталды.
Қазақстанда CHERY TIGGO 2 кроссовері сатыла бастады. Алматыда алғашқы партиясы – 30 шақты автокөлік бір жарым сағатта сатылып кетті.

«Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы алғашқы 300 көлік 7 миллион теңгеден сатылатынын, кейін бұл акция Trade in бағдарламасы бойынша іске асатынын мәлімдеді. Автокөліктің бір түсті нұсқасының бағасы – 7,49 миллион теңге. Екі түсті нұсқасы 7,69 миллион теңге тұрады. Модель Premium топтамада ғана сатылады.

Фото: Астана Моторс

CHERY TIGGO 2-нің алғашқы партиясы – 30 шақты автокөлік CHERY-дің Mycar Almaty  дилер орталығына әкелінді. Олар сатылымның алғашқы күні бір жарым сағатта сатылып кетті. Автокөліктер дилер орталықтарына жеткізіліп жатыр, енді еліміздің барлық өңіріндегі дилер орталықтарында алдын ала тапсырыс беруге болады. Біз сұраныстың көп екенін байқадық, сол себепті тұтынушыларымызды қуанту үшін бар күшімізді саламыз, — дейді Қазақстандағы CHERY дистрибьюторының директоры Нұрлан Шамғонов.

CHERY TIGGO 2 – ақысы қалтаға қонымды, қолайлы әрі шағын кроссовер. TIGGO 2 кроссоверінің  дизайны сәнді әрі заманауи. Тағы бір ерекшелігі — оның үнемді, жайлы, қауіпсіз екені. TIGGO 2-нің көлемі 1,5 литр, қуаты 109 а.к. болатын атмосфералық қозғалтқышпен жабдықталған, ал CVT вариаторы қозғалтқыш қуатын барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

CHERY TIGGO 2 жергілікті жағдайларға бейімделген: салонға кондиционер және алдыңғы орындықтарға жылытқыш орнатылған. TIGGO 2 мультимедиа жүйесіне Apple CarPlay және дауыспен басқарылатын QDlink қолданбасы, төрт динамигі бар аудиожүйесі қосылған. Автокөліктің орталық құлыптары, электр әйнеккөтергіштері, артқы көріністі түсіретін камерасы, тұраққа қою датчигі бар.

TIGGO 2 иесі өзін сәнді, сенімді, қауіпсіз сезінеді. Оған қоса көлікті сатып алып, күнделікті мініп жүріп қаражатын әлдеқайда үнемдейтінін түсінеді.

CHERY-дің ресми дистрибьюторы – First Motor Group компаниясы Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері істеп келеді. Компанияның дилер орталықтарында TIGGO-ның барлық желісі ұсынылған.

Фото: Астана Моторс

Жаңа автокөліктің тест-драйвына жазылу үшін және онымен жақын танысып, сатып алу үшін Қазақстандағы CHERY ресми дилер орталықтарына баруға және 7007 нөміріне хабарласуға болады.