Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко корольдігінің ұлттық мейрамы – таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі, — делінген хабарламада.