Мәдениет және спорт министрлігінің «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығы жарияланды.
Бұйрық бойынша, енді үкімет мына оқу орындарының ректорын тағайындайды:
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
- Қазақ ұлттық өнер университеті;
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
- Қазақ ұлттық хореография академиясы.
Бұл жоғары оқу орындары мәдениет және спорт министрлігіне қарайды.
Бұйрық 6 тамыздан бастап қолданысқа енеді.