«Қазгидромет» 27 шілдедеді ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын жаумайды, күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман болады, — делінген хабарламада.
Күндіз Түркістан, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Абай облыстарында, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42-43°С аса қатты ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт шығу қаупі бар.