2023 жылғы маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі 403 теңге болды. Былтырғы маусым айымен салыстырғанда тариф 31%-ке қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Ең жоғары тариф Алматыда 553 теңге, Ақтауда 504 теңге (2022 жылғы маусым – 250 теңге), Оралда 496 теңге (2022 жылғы маусым – 286 теңге) тіркелді.
Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Таразда байқалды – 94 теңге. Қалада тариф былтырдан бері өзгермеген.