27 шілде. Доллар мен рубль бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,6-447,6 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,6–447,6 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444-447,5 аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 27 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,29 теңге. Ресей рублінің орташа бағамы — 4,94 теңге.

Ақша айырбастау орындарында рубль 4,81-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.