Samsung иілетін құрылғыларының бесінші буынын таныстырды: Galaxy Z Flip5 пен Galaxy Z Fold5. Енді оларға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Осыған орай, Samsung ең бірінші сатып алушыларға сыйлықтар дайындап қойды.

Galaxy Z Fold5-ке алдын ала тапсырыс берген адам 256 ГБ жадының құнына 512 ГБ жадын сатып ала алады. Оған қоса Galaxy Watch5 Pro флагман смарт-сағатын сыйлыққа алады!

Ал Galaxy Z Flip5-ке алдын ала тапсырыс берген сатып алушы екі есе аз жады бағасына 512 ГБ сатып ала алады. Бұған қоса оған Galaxy Buds2 Pro сымсыз құлаққаптарының алдыңғы моделі сыйға беріледі.

Фото: Samsung

Сонымен қатар Samsung ресми интернет-дүкенінде және серіктестерінің дүкенінде бөліп төлеу мен Trade-in бағдарламасы арқылы ақшаны үнемдеп, Fold5-тің ақысын 500 000 теңгеге дейін, ал Flip5-ті 350 000 теңгеге дейін түсіріп алуға болады.

Қазақстанда Galaxy иілетін құрылғыларының жаңа сериясын сатып алған адам бір жыл ішінде Samsung Care жүйесі арқылы оның дисплейін жөндете алады немесе ауыстыра алады.

Фото: Samsung

Иілетін жаңа құрылғылар бұрынғыдан да берік бола түсті. Себебі Galaxy Z Flip5 пен Galaxy Z Fold 5 смартфондары IPX8 стандарты бойынша жасалған. Оның жиегі Armor Aluminum деген алюминиден әзірленген. Corning® Gorilla® Glass Victus® 2 әйнегі және Flex Hinge топсасы арқасында ол қатты соққыларға төзімді.

Galaxy Z Flip5-те Galaxy смартфондарындағы ең әмбебап камера бар. FlexCam арқылы қолданушылар түрлі ерекше ракурста керемет фото түсіре алады. Ал Dual Preview функциясы суретті тап-таза етіп түсіруге және дәл сол уақытта бірден түзетуге мүмкіндік береді. Galaxy Z Flip5 қуатты камерасы әр суретті ерекшелеп өңдей алатын жасанды интеллект негізінде жетілдірілген.

Galaxy Z Fold5 — Fold сериясындағы ең жіңішке және жеңіл құрылғы. Оның иммерсив эффектісі мен ұзаққа жететін аккумуляторы бар. Экранының диагоналі — 7,6 дюйм. Экранның үлкен екені соншалық, одан сүйікті фильміңізді емін-еркін көресіз.

Фото: Samsung

Galaxy смартфонының үлкен экраны арқылы қызық ойын ойнауға болады. Ондағы Snapdragon® 8 Gen 2 ұялы платформасы графиканы жақсартады. Бұл платформа бірнеше қолданушысы бар динамикалық ойындардың функциясын реттеу үшін жасанды интеллектіні қолданады.

Galaxy Z Fold5 смартфонының суытатын жүйесі жақсы істейді, соның арқасында ойынды еш алаңсыз ойнауға болады.