Басты бетЖаңалықтар"Неге отставкаға...

«Неге отставкаға кетпейсіз?» Алматы әкімі жауап берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев оның отставкаға кетуін талап еткен петицияға қатысты пікірін айтты.

Алатау ауданының тұрғыны Ерболат Досаевтың қала әкімі қызметін босатуын талап ететін петицияға 57 мыңнан астам адам қол қойғанын айтты. Кейін ол әкімнен неге отставкаға кетпей жүргенін сұрады.

Әкім Алматыда 2 миллионнан астам адам тұратынын, оған қоса петицияға қол қойған 57 мың азаматтың бәрі «шынайы адам» болмауы мүмкін екенін алға тартты.

Мұнда боттар жақсы жұмыс істеуі мүмкін. Петицияда кейбірі өзінің жеке мәліметін, ЖСН нөмірін, тегін көрсетпегенін байқадым. Ал осында көтерілген мәселелердің орындалуын қадағалап жүрмін. Бүгін адамдар түрлі мәселесін айтып келді: кейбірінің проблемасы шешілмесе, енді бірінікі дер кезінде жасалмаған. Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды, бірақ мені мемлекет басшысы тағайындады, сондықтан ол менің жұмысымды бағалайды, — деді Ерболат Досаев.