Басты бетЖаңалықтарАлматыда S-Group...

Алматыда S-Group деген қаржы пирамидасы анықталды

Алматыда Sincere System Group (S-Group) компаниясының өкілдері қаржы пирамидасын құрғаны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Бұл туралы Қаржы мониториң агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржы мониториң агенттігінің мәліметінше, қызметкерлер белсенді азаматтардың қатысуымен компанияның қызметін ерте тоқтатқан. Осылайша, алданған инвесторлардың санын азайтқан.

S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-тен 8%-ке дейін немесе жылына 70%-тен астам жоғары кіріске уәде берді. Депозиттің ең төменгі сомасы —  $100. Сонымен қатар салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5%-і көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған, — дейді ҚМА баспасөз қызметі.

Клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетілген, бірақ олар қаражатты шығара алмаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды, — дейді ҚМА баспасөз қызметі.

«S-Group» компаниясының қызметінен зардап шеккендер Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласа алады.