«Бұл АҚШ пен Францияда вакцина әзірлегеннен кейін әлем бойынша жетінші, Азиядағы бірінші Зика вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі зерттеу фазасына түскенін білдіреді. Вакцина Африкада 2019 жылы қолжетімді болуы мүмкін» деген Тан Хунның сөзін келтірді Синьхуа агенттігі.
Пастер институтының ғылыми қызметкері Хуан Чжун вакцина Зика безгегімен күресте қауіпсіз әрі тиімді екенін атап өтті. Рекомбинантты вакцинаны жасау кезінде гендік инженерия әдісі пайдаланылды. ДНК гибридтік молекуласы түрінде генетикалық құрылым құрылады.