Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның орман учаскелерінде 2033 жылдың 31 желтоқсанына дейін ағаш кесуге тыйым салатын бұйрықтың жобасын әзірледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақты екпелерді басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге; ағаш және отын сүрегін (0,5-тен 2 м-ге дейін) және тіректерді қоспағанда, іскерлік сүректі тиісті өңдеусіз дөңгелек түрде өткізуге (босатуды) тыйым салынсын, – делінген бұйрық жобасында.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 7 тамызға дейін.