ЖОО оқытушыларының жалақысын 20%-ке көтеру ұсынылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің Қазақпараттың ресми сауалына жазған жауабында жазылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда профессор-оқытушы құрамның ұсынылатын ең төменгі жалақысын анықтау туралы» №272 бұйрығы бойынша, жоғары оқу орындарына профессор-оқытушы құрамның жалақысын 20%-ке көтеру ұсынылды», — делінген хабарламада.
Осыған орай ЖОО оқытушылары 240 мың теңге, аға оқытушылары 276 мың теңге, қауымдастырылған профессорлар 312 мың теңге, профессорлар 420 мың теңге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы профессорлары 480 мың теңге алады.
Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриаттардың шәкіртақысы 20%-ке, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ке көтеріледі. Осылайша бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 36 660 теңгеден 41 898 теңгеге, магистранттар шәкіртақысы 86 987 теңгеден 91 024 теңгеге, докторанттар шәкіртақысы 195 мыңнан 215 500 теңгеге артады.