Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша боксшы Бейбіт Шүменов қылмыскерлердің іздестіру есебіне тіркелді. Бұл ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланды.
Бейбіт Шүменовке 22 шілде күні іздеу жарияланған.
Еске салайық, 18 маусымда Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде бейтаныс азаматты соққыға жыққаны үшін оның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, жанжал балалардың арасындағы жанжалдан басталғанын айтты.