Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 23 шілдеге арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 444,88 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,92 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,7-449,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 445–447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4.81-5,01 аралығында саудаланып жатыр.