Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі — тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 наурыз № 154