Басты бетЖаңалықтар"Жаңа Адамдар"...

«Жаңа Адамдар» қозғалысының белсенділеріне шабуыл жасалды

2023 жылы 16 шілдеде «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының екі белсендісіне шабуыл жасалған. Астанадағы Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі №38 үйдің қасында бейтаныс адамдар Арлен Таңатұлы мен Алмас Жұмабаевты ұрып кеткен.

Қозғалыс мүшелері таратқан баспасөз хабарламасында шабуыл жасағандар Арлен мен Алмасты қарумен қорқытқаны жазылған.

16 шілде күні кешке бейтаныс адамдар Арлан Танатұлы мен Алмай Жұмабаевты артынан ұрып, жерге құлатып, тепкілей бастаған. Кейін қарумен қорқытып, балалардың қалталарындағы құнды заттар мен ақшасын алып қойған. Куәгерлер полицияны шақырғаннан соң бұзақылар қашып кеткен, — делінген хабарламада.

«Жаңа Адамдар» қозғалысының көшбасшысы Әсел Бәденова шабуыл Байқоңыр ауданы әкімімен сөзге келіп қалған соң болғанын айтады.

«Жаңа Адамдар» қозғалысының мүшелері мен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев сөзге келіп қалған соң бірнеше күннен кейін белсенділерімізге шабуыл жасалды. Бұл екі оқиға бір-бірімен байланысты екеніне сенгім келмейді. Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарының әкімдерінен осы шабуылды жеке бақылауға алуды сұраймын. Кінәлілер жазалануы керек! — дейді ол.

Бір ай бұрын, «Жаңа Адамдар» қозғалысы Астана тұрғындарымен бірігіп, «Қала» азаматтық науқаны аясында елордадағы 100 мәселе тізімін дайындап, әкімдікке өткізген. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудандық әкімдерге  жобаны жүзеге асуыруға барынша қолдау көрсетуге бұйрық берген.

Аудан әкімдері қаланы көріктендіру жұмыстары бойынша жастар қозғалысына апта сайын есеп беруге уәде берген. Сондықтан «Қала» азаматтық науқанының көшбасшысы, Арлен Танатұлы Байқоңыр ауданының әкімшілігінің жиналысына шақырылған. 12 шілде күні әкім жиналыс барысында «Жаңа Адамдар» белсенділерін   жиналыстан қуып шыққан.