Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ке төмендеді, ал жылдық мәнде 8,4%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауардың 2023 жылғы 18 шілде күнгі орташа бағасы:
күнбағыс майы – 796 тг/л;
айран– 412 тг/л;
пияз – 193 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 тауар кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.